«Президенттің 2019 жылғы 19 маусымдағы сайлауалды бағдарламасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жетілдіру, оның ішінде оларды өткізуді орталықтандыру, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету арқылы шаралар қабылдау тапсырылды», - деді ол.
Осы ретте вице-министр заң жобасы түзетулердің 3 негізгі блоктан тұратынын айтты. Олар: бір көзден сатып алуды қысқартуға бағытталған түзетулер; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған түзетулер; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер.
«Бір көзден сатып алуды қысқарту бойынша шартты тікелей жасасудың 52 негізінен бір көзден сатып алудың 3 негізін алып тастау ұсынылады», - деді Руслан Бекетаев.