АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір күнге жуық бөгелген SCAT жолаушылары Астанадан Шарм-эль-Шейхқа аттанды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
««SCAT» әуе компаниясының жергілікті уақыт бойынша 11 наурыз күнгі 09:00-да ұшуы тиіс болған Астана - Шарм-эль-Шейх бағытындағы рейсінің жолаушылары 12 наурыз күні 04:47-де Б-757 типіндегі әуе кемесімен аттанды» делінген хабарламада.
Әуекомпаниясының мәліметі бойынша, барлық жолаушылар қонақүйге жатқызылып, оларға ыстық тамақ берілген.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.