«Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады», - деп көрсетілген «Мерекелер туралы» заңның 5- бабында.
Осы бапта демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады деп көрсетілген. Қазақстанда Конституция күні - 30 тамыз мемлекеттік мереке болып табылады. Биыл ол бейсенбіге сай келеді, демек, демалыс күндері ауыстырылмайды. Сондықтан біз бір күн демалып, келесі күні қайтадан жұмысқа шығамыз.
13:57, 25 Тамыз 2012
Бір күн демаламыз
АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда Конституция күнін тойлауға байланысты демалыс күні қолданыстағы «Мерекелер туралы» заң бойынша басқа күнге ауыстырылмайды. Бұл жайында «Айқын» басылымы бүгінгі санында жазып отыр.