Бір күн ішінде Семейде иіс тиіп 11 адам уланды, 3 бала мерт болды

СЕМЕЙ. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Семейде бір күн ішінде иіс тиюден екі отбасы зардап шекті: төрт адам мерт болды, олардың үшеуі - бала. Түрлі уланумен жеті адам ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар басқармасының ақпараты бойынша қаңтардың 30-ында саяжайдағы тұрғын үйде жасы 33-тегі әйел мен оның бес баласы уланған. Әйелдің өзі мен үш баласы мерт болды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жатқызылды.

Осы күні Батыс кентінде тұратын тағы бір отбасы иіс тиіп уланды. Үш ересек адам және екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиғаға көмірмен жұмыс істейтін пештердегі ақаулар себепші болған.