2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 71225, 4553 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 59089 жетті.
08:30, 05 Қыркүйек 2021
Бір күнде 298 адам коронавирус пневмониясына шалдықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 298 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 143 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.