Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 13 науқас көз жұмды
09:51, 09 Желтоқсан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 7 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 12 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында - 3 науқас.
Ақмола облысында - 2, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.