32 жастағы Педро Хериберто Галано 21 жастағы әйелін күштеп үйде ұстады. Ал әлеуметтік желідегі лайкты көрген сайын жұдырық ала жүгіріп, әйелін соққының астына алып отырған. Адвокаттың айтуынша, Педро әйелін посттарына лайк қойған әрбір еркектен қызғанып, келіншегі опасыздық жасады деп ойлаған.
Полицияға Педроның өз әкесі хабар беріпті. Ол баласының әрекеті жайында естіп, келін баласы үшін алаңдады. Тәртіп сақшылары келгенде Адольфинаның жақ сүйегі сынып, беті көк ала қойдай болды. Бүкіл денесі көгеріп кеткен. Оның мұрны мен ерніне шұғыл ота жасауға тура келді.
Ал Галано қамауға алынды. Ол 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.