USA Todayдың жазуынша, бұл мектеп осы егiздердiң арқасында Гиннестер кiтабына да енiптi. Бұл туралы Жас Алаш газеті жазды.
West Des Moines мектебiнiң басшылығы алғашында 9-сыныпқа құжат тапсырған оқушылардың iшiнде фамилиялары да, туған күндерiнiң ай-күнi де, әкесiнiң, анасының аттары да, мекенжайлары да бiр оқушыларды көрiп таңғалады. Артынан бұлардың егiздер екенiн бiледi.
Әйтсе де егiздердiң өздерi сыңарларымен бiр мектепте оқитындарына көңiлдерi толмайды. Мәселен, 14 жасар Сэм мен Анна Фрайхэйдждердiң айтуынша, олар бiр мектепте оқығанды ұнатпайды. "Ағылшын сабағына барғанда Сэм үшкiр қарындашпен түртiп жiберiп, менiң арқамды ауыртып тастады", - деп шағынады Анна.
2009-10 жылдары Коннектикут штатының бiр мектебiнде 13 жұп егiздер оқыған екен. Әрине, бұдан кейiнгi рекорд - West Des Moines мектебiнде.