Жол апаты Толидо мен Кливленд қалаларының арасын жалғайтын ақылы автомагистралда орын алып, екі бағытта да көлік қозғалысына шектеу қойылған. Ауа райының қолайсыздығынан орын алған оқиға салдарынан 12 шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болған.
Зардап шекендердің саны жайында нақты ақпарат жоқ. Дегенмен оқиға орнына келген полиция қызметкері соқтығысқан екі көліктің арасында қысылып қалған әрі жағдайы өте ауыр.