Бір пәтерден 5 млн. доллар салынған 7 чемодан тәркіленді

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Австралия билігі пәтерінен 5,7 млн. Австралия доллары табылған АҚШ азаматына айып тақты.

58 жастағы ер адамға қылмыстық жолмен табылған ақшаны пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша қолданылатын жаза - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, деп хабарлады ВВС.

Жеті чемоданға салынған банкноттар Сиднейдегі бір пәтерден табылды. Коста-Рикадан келген американдық қамауға алынғанға дейін сол жерде тоқтаған. Полицейлердің сөзіне қарағанда, тәркіленген қолма-қол ақшаның осыншама сомасы Австралияның жалпы тарихындағы рекордты көрсеткіш.

Қамауға алынған адам ақшаның өзінікі еместігін айтып ақталуда.