«ҚР ІІМ ТЖК тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеу керектігіне ескерту жасауына қарамастан адамдар рұқсат етілмеген орындарда суға түседі. Өкінішке орай, 6 тамызда 2 бала суға кетті. Балалар үлкендердің бақылауынсыз қалған. Сондай-ақ суға түсер кезде мас күйінде болған фактілер де бар», - деді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖК тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.