Бір тәулік ішінде 2 адам суға кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бір тәулік ішінде 2 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматы облысының Сарқанд ауданы Көлбай кентінде Лепсі өзеніне кеше түнде суға түсу кезінде 1996 жылы туған жасөспірім батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен табылып, судан шығарылды (5 адам мен 2 техника).

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Николаевка ауылында жасанды котлованға кеше таңғы 08.10 кезінде суға түсу кезінде 1991 жылы туған жас жігіт батып кетті. Оның мәйіті сағат 18.00 кезінде ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен табылып, судан шығарылды.

Ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Сырдария өзеніне 13 маусым күні абайсызда батып кеткен 1979 жылы туған ер адамның мәйіті ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖМ суда құтқару қызметінің күшімен 19 маусым күні табылды.

Сонымен қатар Ақмола облысының Атбасар ауданы Ащыкөл ауылында Есіл өзеніне 16 маусым кешкі сағат 19.00-де суға түсу кезінде 1952 жылы туған әйел адам батып кетті. Оның мәйіті үш күн өткен соң Ақмола облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен табылып, судан шығарылды (5 адам мен 1 техника).