Бір тәулік ішінде 72 мың адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 cәуірдегі жағдай бойынша дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 855 830 (тәулігіне +72 955) адам тіркелген. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтыс болғандар —114 244 ( 5 418) адам,
Жазылып шыққандар — 424836 ( 27 841) адам.