Бір тәулік ішінде Арыс қаласында тағы 133 үй жөнделді

АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2312-ге жетті (бір күн бұрын 2179 еді), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көпқабатты үйлер еліміздің 14 өңірі мен республикалық маңызы бар үш қаланың күшімен жөнделіп, қайта тұрғызылуда.

Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған. Жұмыс Ақтөбе облысының секторында белсенді қарқынмен жүргізілуде, онда 355 үй қалпына келтірілді. Басқалар да қалыспай келеді - Батыс Қазақстан облысында 290 үй, Қызылорда облысында 177 үй жөнделді.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алғаналғашқы күннен бастап Арыс қаласында жүрген ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күн сайын мониторинг жасап отыр.