20 тамызда сағат 01:00 шамасында Алматыдан 40 шақырым жердегі Заречный кентіндегі ЛА -155/8 қатаң тәртіптегі колониясының аумағында негізгі шептен темір тордың ар жағына есірткі затын лақтырмақ болған Алматы тұрғыны ұсталды. Сараптама жұмыстары орамада салмағы 250 грамм марихуана болғанын анықтады. 1,5 сағаттан кейін осы мекеменің қызметкерлері негізгі шептің маңайында героин өткізбек болған адамды қолға түсірді.
Алматы қаласының тергеу изоляторының аумағында есірткі затымен бір ер адам ұсталды. Тінту барысында одан героин тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жөнелтілді.
«Сараптама көрсеткендей, тыйым салынған заттардың (есірткі, спиртті ішімдік, ұялы телефондар) шамамен 98%-ы түзету мекемелері маңында ұсталуда», - делінген хабарламада.