Бір тәулікте 170 шекара бұзушы ұсталды - ҚР ҰҚК ШҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары өткен тәулік ішінде 170 шекара бұзушыны анықтап, 1 контрабандалық жүкті ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, отрядтың бақылау-өткізу бекеттерінде көші-қон заңдылығын бұзған 101 Өзбекстан азаматы ұсталды (ҚР болу тәртібін бұзғандар). Барлық заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отряд учкаскесінде жүргізілген арнайы рейдтік іс-шаралар кезінде ҚР көші-қөн заңдылығын бұзған Өзбекстан Республикасының 65 азаматы ұсталды. Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қазығұрт» шекара заставасының аумағында қызметтік иттің көмегімен 4 бірдей Өзбекстан азаматы ұсталды, олар біздің елімізден Өзбекстанға жаяу-жалпылап кетпек болған. Мемлекеттік режімді бұзған 4 азамат ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 514-бабының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.