Оған сәйкес 2 қазан күні Қазақстан аумағында 31 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында - 5 науқас.
Алматы және Шымкент қалаларында - 4, Қызылорда облысында - 3, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында - 2, Жамбыл, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Тек Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.