Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің қос бас қаласында тіркелді. Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті.
Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен, осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстанда стелс-омикрон штамы анықталды.