«Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында 4 миллионға жуық зерттеу (тест) жүргізілді. Тестен өткізу тәулігіне 90 мыңға дейін жетті. Күн сайын зертханалар 40 мыңға тарта адамды коронавирус инфекциясы бойынша тесттен өткізіп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр осылайша зертханалардың резервтік қуаттылығы 50 мың зерттеуге дейін жеткізілетінін мәлім етті. Бұл – халықты толыққанды тесттен өткізу мүмкіндігіне жол ашады.