Осы жылдың 29-31 шілдесі аралығында Көліктегіполиция департаменті «Таза вокзал» кең ауқымды акциясын өткізіп жатыр.
Көліктегі полиция департаменті Әкімшілікполиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Байкеновтыңайутынша, шараның мақсаты – «қоғамдықорындарда жармасу» фактілерін, атап айтқанда жолаушылар пойызында билеттердіалып-сатумен айналысатын тұлғаларды, заңсыз тасымалдаушыларды (таксижүргізушілері), заңсыз жүк көтеру қызметін көрсетушілерді, сауда жасаушыларды(өз тауарын тықпалайтын), қайыршылықпен айналысатын шетел азаматтарын анықтау.
«Жыл басынан бері еліміздегі әуе жәнетеміржол нысандарында «Қоғамдық орындарда жармасу» бойынша 1508 факті тіркелді.Оның ішінде 32 факті – жолаушылар пойызына жол жүру билетін алып-сату, 223факті - заңсыз тасымалдаушыларға (такси жүргізушілері), 693 факті заңсыз жүккөтеру қызметін көрсетушілерге, 560 факті саудамен айналысатын тұлғаларғатиесілі», - деді Жасұлан Байкенов.