12 сәуірдегі жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 795 адам (коронавирус (КВИ ) –1 607, пневмония (КВИ-) – 188) емделуде. Олардың ішінде 188 пациент стационарда, 1 607 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.
Еске салайық, 10 сәуірде коронавирус инфекциясы – 54, коронавирус белгілері бар пневмония 7 адамнан анықталған болатын.