Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 20 желтоқсанда 259 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Одан бір күн бұрын 182 қазақстандық індетке шалдыққан еді.