Полиция департаменті мәліметінше, 16 сәуірде түрлі әкімшілік талаптарды бұзу фактісі бойынша 65 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Жалпы, карантин басталғалы әкімшілік жауапкершілікке 2 мыңнан астам адам тартылды. Оның ішінде 183-і қамауға алынса, 1411 тұрғынға айыппұл салынды. Сонымен қатар, 503 адамға ескерту жасалды.
Айта кетейік, қала аумағы көшелердің шекаралары бойынша бөлініп, оның әрбіріндегі жағдайды тәртіп сақшылары бақылап отыр. Қазіргі кезде шаһар аумағында 26 мобильдік бекет қойылған.
«Карантин режимін сақтау қажеттігіне байланысты ескертулерге, профилактикалық түсіндіру жұмыстарына қарамастан, тұрғындардың біразы сақтық шараларын ескермей жатыр», - делінген Полиция департаменті хабарламасында.