Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Ақай ауылында Сырдария өзеніне 24 мамыр күні суға түсу кезінде 2000 жылы туған жасөсіпірім батып кеткен. Оның мәйіті үш күннен соң ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен табылып, шығарылды.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде Сырдария өзеніне түсу кезінде кеше 2009 жылы туған ер бала батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен табылып, шығарылды. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Шора» су каналына түсу кезінде кеше 1974 жылы туған әйел батып кетті. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды (8 адам мен 2 техника).