Мамандар сусынның адамның есте сақтау қабілетіне жақсы әсер ететінін 2 кезеңде өткізілген тәжірибе барысында анықтады, деп хабарлады "Утро". Тәжірибеге қатысуға ниет танытқандар 5 минуттың ішінде ұсынылған суреттерді жіті қарап шықты. Кейін олардың жартысына құрамында кофеині бар дәрі берген. Келесі күні суреттердің ішінен қатысушылар 1 күн бұрын көргендерін іріктеді. Нәтижесінде кофеині бар дәрі ішкендер тапсырманы 10%-ға жақсырақ орындады.
«Біз алғаш рет кофеин ұмытшақтықты 24 сағатқа азайтатынын анықтадық», - деді нейробиолог Майкл Яссу.
Алайда сусынды мөлшерден тыс көп ішкен денсаулыққа кері әсерін тигізеді.