Бір тәуліктен астам уақыт Астана тұрғындары сусыз қалып отыр

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданының кем деген мың тұрғыны су құбырындағы апат салдарынан бір тәуліктен астам уақыт бойы сусыз қалып отыр, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, 300 миллиметрлі құбырдың жарылуы 24 наурыз күні таңертең болды. Нәтижесінде Құтпанов атындағы көшенің он төрт үйдің, Республика даңғылындағы сегіз үйдің, Ақжайық көшесіндегі төрт үйдің және Гете көшесіндегі үш үйдің тұрғындары сусыз қалып отыр.