Қорғаныс мекемесіндегі дереккөздер қазіргі уақытта оқиғаның үш нұсқасы қарастырып жатқанын айтты: бір топ құс, атмосфералық аномалия немесе ұшқышсыз ұшатын аппарат. Полиция мәліметі бойынша, аспан кеңістігінде байқалған объект баяу қозғалған. Пентагондағылар оны қанатты құстар деп есептейді, өйткені бейне әуелі радарда пайда болып кейіннен тарап кеткен. Әскери ұшақ пен тікұшақтар ештеңені анықтай алмады.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні таңғы 8:30-да Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды. Капитолий төбесінен барлық конгресс мүшелері мен қызметкерлерді эвакуациялады, ал Ақ үй қызметкерлеріне өз орындарында қалып, ешқайда шықпауға нұсқау берілді.