Үкіметтік коалицияны Әлеуметтік партия төрағасы Валлония Элио ди Рупо басқаратын болып, ал оның бірінші отырысы ағымдағы жылдың 14 қазаны күні өтеді деген шешім қабылданды, деп жазады жерілікті БАҚ.
Қазіргі таңда жаңа үкіметті басқарады деп болжанып отырған Ди Рупо Бельгия Королі ІІ Альбертпен жаңа федералдық кабинет құру туралы келіссөздер өткізуге уәкілетті.
Бірқатар бақылаушылардың пікірінше, Бельгия премьер-министрінің міндетін атқарушы Ива Летерманың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметіне кету туралы шешімі үкімет құрудағы келіссөздердің алға басуына септігін тигізген.
ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, Бельгия 2010 жылдың сәуір айынан бері толыққанды үкіметсіз қалған.