Белгілі болғандай, бала балкон қоршауының арасынан құлап кеткен. Осының салдарынан сәби көптеген жарақаттар алып, сүйектері сынған және оның өкпесі жарылған көрінеді.
Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр халде жатыр. Олардың пайымынша, мұндай биіктіктен құлау салдарынан тірі қалу - таңғаларлық жайт.
Хирургтердің бірінің сөзіне қарағанда, егер ересек адам жеті қабаттан жоғары биіктіктен құласа, онда оның аман қалуы екіталай. Бірақ та бала сүйегінің иілгіш болғанының арқасында тірі қалды деп атап өтуде дәрігерлер.