Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілдері Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Көші-қон қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Рахат ауылының 29 жастағы тұрғынының бір жылдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтады.
Ер адамды Қарақалпақстанда тұратын ата-анасы іздеп жатқаны белгілі болды. Іздеу жарияланған азамат туралы, оның нақты тұрғылықты мекенжайы мен уақытша тіркеуі жайлы мәлімет іздеп жатқан органға жолданды.