Бір жылда әлемдегі кедейлердің саны 64 миллион адамға өсті

None
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Биыл әлем бойынша сіңірі шыққан кедейлердің саны 64 миллион адамға артты,

былтыр кедейлердің қатарына қосылғандар 40 миллионды құраған болатын. Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зеллик Нью-Йоркте ашылған Мыңжылдықтың даму мақсаттарын орындау жөніндегі БҰҰ саммитінде сөйлеген сөзінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

БҰҰ мәліметтері бойынша, 1990-2005 жылдардың аралығында Жер бетінде кедей-кепшіктердің саны 1,8 миллиардтан 1,4 миллиардқа дейін азайған, бірақ 2008 жылғы дағдарыстан кейін олардың саны қайта көбейе бастаған. Американдық экономистердің соңғы бағалаулары бойынша, былтыр әлем бойынша жоқшылық жағдайында өмір сүрген адамдардың саны 1,7 миллиардты шамалаған.