Облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов өңірде коронавируспен күреске қанша ақша жұмсалып жатқанын айтып берді.
«Өткен жылы COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 21,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат медицина қызметкерлерін ынталандыруға, науқастарды ауруханада емдеуге, ПТР зерттеулеріне, мобильді бригадалар мен үйдегі стационарға жұмсалған», - деді ол.
Бір жылда жұқпалы аурулар бөлімшелерінде 9 миллиард теңгеден астам сомаға 18 мың адам коронавирустан емделді. Ал карантиндік стационарларда 73 миллион теңгеден астам қаражатқа 2400-ден астам адам ем-дом қабылдаған.