Биржада доллар бағамы 447 теңгеге түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге түсіп, 447,94 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 448,61 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 445,00 теңгеден сатып алынады, 452,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 498,00 теңге, сату - 508,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,30 теңге, сату - 5,50 теңге.

- юань: сатып алу - 67,13 теңге, сату - 70,86 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 447,58 теңгеден сатып алынады, 449,60 теңгеден сатылады. Еуро 503,29 – 507,57 теңге, ал 5,31 – 5,43 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,73 теңгеден сатып алынады, 70,18 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 21 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге түсіп, 448,61 теңге болды.