Бірде-бір министр жағажайда қыздырынып жатпауы керек - Қырғызстан үкіметі басшысының орынбасары

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – «Шенеуніктер, әсіресе министрлер тынбай жұмыс істеуі керек». Министрлер кабинетінің отырысында Қырғызстан министрлер кабинеті басшысының орынбасары - Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев осылай ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

«Министрдің креслосында отырған кезде Ыстықкөлде демалып, әйтеуір ерсілі-қарсылы бос жүрмеулеріңіз керек. «Адамдар демалып жатыр, мен де демалам» дегенді доғару қажет. Біз қызу жұмыс істеуіміз керек, бізде демалыс болмауы тиіс. Бірде-бір министр жағажайда күнге қыздырынып жатпауы керек. Құрметті министрлер, мұндайды көрмейтін болайын. Мен де шара қолданам. Үйлеріңізде демалыңыздар. Министр болған екенсіздер, жұмыс істеңіздер. Бізде демалыс болмайды», - деді ол.