Оқиға салдарынан 4 адам ажал құшқан. Апаттың орын алуына шоссе учаскелерінің бірінде жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуы себеп болған. Жүк машинасының жүргізушісі жолдың тарылғанын байқамай қалып, бар жылдамдығымен жеңіл автокөлікке келіп соғылған, нәтижесінде жеңіл көлікті өрт шалған. Салдарынан тағы 35-тен астам көлік зардап шеккен. Құтқарушылардың мәліметінше, апаттан екі әйел адам мен бір ер адам ажал құшқан, тағы бір адамның мүрдесі жанып жатқан көліктен сыртқа шығарылды.
21:11, 05 Қазан 2014
Бірден 35 көлік соқтығысқан ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның Эгнатия тас жолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Associated Press.