деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір Қазақстанда жаңашылдар үшін «алтын кезең» туып отыр. Әрине, өнертабыстардың барлығы бірдей экономикалық жағынан тиімді бола бермейді. Алайда, әрбір өтінішті біздің арнайы департаменттеріміз, комиттеріміз зерттеп, көмектесетін болады», деді Ә. Исекешев.
Вице-премьердің сөзіне қарағанда, жан басына шаққандағы еңбек өнімділігі еуропалық елдердің деңгейінен кем түспейтін отандық кәсіпорындар іс жүзінде «бүгінгі күннің батырлары» болуы тиіс. «Оларды мадақтап, оларға шын мәнінде жақсы жағдай жасау қажет. Бұндай кәсіпорындары табу қажет, олар үлгі болуы тиіс, олар жайлы айту керек», деді Ә. Исекешев. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстанда еңбек өнімділігінің деңгейі жағынан АҚШ-тың, Батыс Еуропа елдерінің компанияларынан кем соқпайтын кәсіпорындар баршылық.