Біреудің автокөлігін айдап кеткен қырғызстандық азамат ұсталды - БҚО
02:18, 28 Шілде 2012
ОРАЛ. 28 шілде. ҚазАқпарат - 25 шілде күні кешкісін Ақсай қаласы тұрғынының «Дэу-Нексия» автокөлігін ауласында тұрған жерінен белгісіз біреу айдап кеткен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО ІІД патрульді полициясы дербес батальоны қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында автокөлікке «қызыққан» Қырғызстан Республикасының 1975 жылғы азаматын анықтап, қолға түсірді.