#Birge #Taza Qazaqstan: СҚО-да 200-ден астам көл жағасы тазаланды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –Солтүстіктікқазақстандықтар да #Birge #Taza Qazaqstan республикалық экологиялық іс-шарасына үн қосып, 200-ден астам көл жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Өңірліккоммуникациялар қызметінің хабарлауынша, экологиялық акцияға 14 мыңнан астамоблыс тұрғыны қатысты. Іс-шараны өңір басшысының орынбасары Руслан Әлішев ашты.

«Бұл бастамабіздің өңірде экологтардың ұсынысымен қолға алынып, жұртшылыққа су қоймаларын,көпшілік демалатын орындарды бірге тазалауға, тәртіпке келтіруге үндеутасталды. Ендеше бәріміз бұл игі істен шет қалмай, тазалыққа, қоршаған ортанытәртіпке келтіруге өз үлестерімізді қосайық», - деді СҚО әкімінің орынбасарыРуслан Әлішев.

Экочелленджгемемлекеттік қызметкерлер, қоғам өкілдері, волонтерлер мен қала тұрғындарықатысты.

«Бүгіносындай ауқымды экологиялық іс-шара өтіп жатыр. Оған қатысып, аз да болса өзүлесімді қосқаныма қуаныштымын. Қаламыз таза болса екен деймін, өйткеніденсаулық тікелей тазалыққа байланысты. Айналамызды таза ұстау біздің ортақміндетіміз», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Галина Коломиц.

СҚО бойыншаЭкология департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Азамат Бектасовтыңайтуынша, акция аясында 126 мың тонна қоқыс жиналды. Нәтижесінде 350 мың шаршыметр аумақ тазаланды.

Естеріңіздеболса, #Birge #TazaQazaqstan республикалық акциясы ҚР Экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың бастамасы.

Игі шараны Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.



Соңғы жаңалықтар