#Birge #TazaQazaqstan: Акция дəстүрлі түрде өткізіліп тұрады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл шілде айында еліміз аумағын қоқыстан тазарту бойынша белсенді шаралар басталып кетті. Еске салсақ, айдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тарту жөнінде тапсырма берген еді.

Арада көп ұзамай, Экологияминистрі #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялап,қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтар, қоғам қайраткерлері,Үкімет мүшелері мен экология белсенділері бұл шараға өз үлестерін қосуғакірісіп кетті.

Осы орайда Президент Қасым-ЖомартТоқаев Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзегеасырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдайтынын айтты. «Үкімет пеназаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқанЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге- Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan», - деп жаздыПрезидент Twitter-дегі парақшасында.

Өткен аптада экологиялықакцияға атсалысқан Премьер-Министр Асқар Мамин Қоянды су қоймасының жағалауынқоқыстан тазарту жұмыстарына қолғабыс жасады.

Үкімет басшысы барлықоблыс басшыларын министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын жалғастыруға шақырды.«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаныҚазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып,елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», - деді А. Мамин.

Айтпақшы, Қазақстанмектептері мен балабақшаларына экологиялық тәрбиеге арналған қосымша сабақенгізілмек. Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрімәлім етті.

«ҚР Білім және ғылымминистрлігімен бірлесе отырып, барлық мектептер мен балабақшаларда экологиялықсағаттарды іске қосамыз. Өйткені тазалық ұғымын санаға бала жастан бастапсіңіру керек», - деді министр Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, бүгінҚазақстан аумағында ЭКО-Челлендж қозғалысына өңірлер тұрғындары жаппайатсалысып отыр.

Таңертеңнен бері өзендермен көлдердің жағалауын қоқыстан тазарту бойынша жұмыстар іске асырылуда.

Акция барысындаелордалықтар Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартты.

«Үкімет бастаған барша қазақстандық тазалықакциясына қош келдіңіздер! Бұл шара қазір республикалық дәрежеде өтіп жатыр.Сол сияқты бұл акцияны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қолдап, бәріміздіҚазақстанды таза әрі жасыл ел етуге шақырды. Өткен апта Үкімет бастаған акцияныбіз де қолдап, осы апта одан әрі жалғастырудамыз. Бүгінгі шараға белсендіқатысып жатқан барша астаналықтарға алғыс білдіреміз» - деді қала әкімі АлтайКөлгінов.

Айтулы тазалық шарасынабас қаладағы министрлік, қалалық әкімдік және басқармалардың 1 500-ден астамөкілі атсалысуда. Одан бөлек, еріктілердің де қарасы қалың. Сондай-ақ,экологиялық акцияны қолдап Үкімет басшысы Асқар Мамин, Премьер-Министрдіңорынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріБердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім жәнеғылым министрі Асхат Айтмағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министріДәурен Абаев қатысуда.

Әкімдік мәліметінеқарағанда, бас қаламыздың маңайындағы адамдар демалатын өзен-көлдердіңжағалауына қоқыс контейнерлері қойылатын болады.

Бұдан бөлек, 27 шілдедеАтырауда Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту науқаны өтті. Оған барлық тұрғындардыңқатысу мүмкіндігі болды. Әкімдік қоқысты тазартатын қаптар, оны тасымалдайтынтехника берді.

Сонымен қатар, бүгін Ақмолаоблысында мыңдаған адамның қатысуымен республикалық #Birge#TazaQazaqstanэкологиялық акциясы өтті.

Көкшетау қаласының Қопакөлі жағасындағы тікұшақ алаңынан басталған акцияға облыс басшысының орынбасарыҚанат Ыдырысов бастаған ақмолалықтар қатысты. Акция облыстың барлық аудандарымен Көкшетау және Степногорск қалаларында өтті. Облыс орталығында өткен акцияға10 мыңнан астам адам қатысып, Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.

Олардың арасында түрліқоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, жастар, шағын және ортабизнес өкілдері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер бар. Осыкүні челленджге Ақмола облысының барлық елді мекендері қолдау көрсетіп отыр. Акцияғаоблыс бойынша 44 мыңнан астам адам атсалысты.

Мұнымен қоса, бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы 19 қала мен ауданда бірмезетте өткен #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акциясына қатысты.

Оған өңірдің 33 мыңнан астам тұрғыны жиналып, демалыс орындарының аумағынқоқыстан тазартуға қатысты. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде 800 тоннадан немесе3 206 текше метрден астам қоқыс жиналып, аралдар мен саябақтар, өзенжағалаулары, қазаншұңқырлар тазартылды.

Осы аптада Қызылорда облысы Арал ауданында республика бойынша өтіп жатқанэкологиялық акция басталған болатын. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов акцияғақатысып, қызылордалықтарды шараны өткізуде белсенділік танытуға шақырды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы да #TazaAlmaty қала кеңістігін тазарту бойынша жалпықалалық акцияны жариялады.

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазартубойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды. Челленджгеқатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жолбойындағы қоқыстар жиналады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және өңірдің 20 мыңнан астамтұрғыны «Бірге - таза Қазақстан шарасына қатысты.

Өңір басшысының бастамасымен жаппай экологиялық сенбілік барлық қалалар менаудандарда өтті. Ерлан Қошанов челлендждің қоғамды біріктіруге жәнеәртүрлі идеяларды ілгері тартуға септігін тигізетін бейресми тәсілі екенін атапөтті.

Жалпы, осы ауқымды экологиялық шара бүгін Қазақстанның барлық өңірлеріндеөтті. Акция аясында күн сайын табиғит жанашырларының қатары қалыңдап келедіжәне бұл шара дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады деген сенім бар.

Бүгін түстен кейін Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегіпарақшасында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық сенбілігіне қатысқан əрбіртұрғынға шын жүрегінен алғысын білдірді.

«Акция бір реттік болмауы тиіс, барлығын осы дəстүрді жалғастыруға,отандастарымызды өз бойына қоқысты бөлектеп жинау мəдениетін сіңіругешақырамын. Экосенбілікке бүгін еліміз бойынша 150 мыңнан аса адамжиналып, көпшілік демалатын жерлер мен өзен жағалары жүздеген тоннадан астамқоқыстан тазартылып, ол бөлек сұрыпталды. Волонтерлерге тағы да Премьер-МинистрАсқар Мамин бастаған үкімет мүшелері қосылды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар