#Birge#TazaQazaqstan: Ақмолалықтар жаппай экологиялық акцияға атсалысты

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мыңдаған адамның қатысуымен республикалық #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласыныңҚопа көлі жағасындағы тікұшақ алаңынан басталған акцияға облыс басшысыныңорынбасары Қанат Ыдырысов бастаған ақмолалықтар қатысты. Акция облыстың барлықаудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларында өтті. Облыс орталығындаөткен акцияға 10 мыңнан астам адам қатысып, Қопа көлі мен Қылшақты өзенініңжағалауын қоқыстан тазартты.

«Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев республикалық #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясынқолдап, қазақстандықтарды оған қатысуға шақырған болатын. Соған бүгінақмолалықтар, оның ішінде Көкшетау тұрғындары бір кісідей атсалысуда. Акцияғатүрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, жастар, шағын жәнеорта бизнес өкілдері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілерденқұралған 10 мыңнан астам адам қатысып, Қопа көлі мен Қылшақты өзенініңжағалауын қоқыстан тазартты», - деді Көкшетау қаласының әкімі АмангелдіСмайылов.

Айта кетейік,осыған дейін хабарлағанымыздай, облыс бойынша акцияға барлығы 15 мыңнан асаадам қатысатыны айтылған еді.

Акция кезінде Көкшетаудағы Қопа көлі мен Қылшақтыөзенінің жағалауынан бөлек, Бұқпа тауының аумағы, Кенесары мен Сағдиевкөшелерінің аралығындағы жағажай аумағы, Абылай хан даңғылы өтетін Қылшақтыөзенінің жағасы, Қылшақты өзені арқылы өтетін Сүлейменов және Әшімовкөшелерінің бойындағы көпірлердің аумағы, Қопа көлін айналып Красноярбағытындағы саяжайлар баратын жолдың шеті қоқыстан тазартылды. Осы күнічелленджге Ақмола облысының барлық елді мекендері қолдау көрсетті. Шараға облыс бойынша 44 мыңнан астам адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар