#Birge #TazaQazaqstan: Алдағы аптада Нұра өзенін тазалаймыз – Бақтияр Мәкен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, #Birge #TazaQazaqstan акциясын өткізудің мақсаты астаналықтарды тазалыққа шақыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент бастап, Үкімет басшысы қолдағанбұл акцияның біз үшін және табиғат үшін маңызы зор. Себебі, алдымен өзен-көлдерқалдықтардан тазартылса, екіншіден бұл шара адамдарды экологиялық мәдениеткешақырудың бірден бір құралы. Міне, осымен үшінші апта ұйымдастырылған тазалықшарасына астаналықтар белсене қатысуда. Экологиялық акцияны күзге дейін, яғникүн суытқанша жалғастыратын боламыз. Алдағы демалыста Нұра өзенінің жағалауынтазалау жоспарда тұр», - деді Бақтияр Мәкен.

Өткен аптадағы #Birge #TazaQazaqstanэкологиялық акциясы кезінде әкімнің орынбасары елорда маңындағы өзендердіңбойына қоқыс контейнерлері қойылатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, бүгін шаһар басшысы АлтайКөлгіновтің қатысуымен астаналықтар Майбалық көлінің жағалауын тазартты.