#birge# TazaQazaqstan»: Атыраулықтар 17 тонна қоқыс жинады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өткен #birge# TazaQazaqstan» экологиялық акциясына 8 мыңға жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласында « #birge# TazaQazaqstan» экологиялық акциясы аясындажалпықалалық сенбілік өтті. Санитарлық тазалыққа 8 мыңға жуық қала жәнеқала маңындағы ауылдық округ тұрғындары, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын, өнеркәсіп ұжымдары сондай-ақ,еріктілер тобы қатысып, 37-ден астам техника жұмылдырылды. Науқан барысында Жайық өзені және қала аумағындағы барлық су тоғандарының жағалауларынірілі-ұсақты қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 17тонна қоқыс жиналып алынды.

«Атырауда санитарлық тазалық науқаны басталғалы бері қала және аудантұрғындары бір ауыздан қолдауда, Жайық өзені жағалауларын және су тоғандарынжалпы қаланы тазалауға бүгін 8-мыңға тарта тұрғын атсалысты. Сондықтан барлықсенбілікке қатысушыларға облыс әкімдігінің атынан алғысымды айтамын. Жәнедеқала аумағына санитарлық тазалық жүргізу жұмыстары мұнымен шектелмейді.Жоспарға сай әр айдың үшінші аптасында сенбілік ұйымдастырылатын болады»,- деп атапөтті Атырау облысы әкімінің орынбасары ӘлібекНәутиев.

Естеріңізде болса, #Birge #TazaQazaqstan республикалық акциясы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың бастамасы.

Игі шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.


Соңғы жаңалықтар