#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына 2500 атыраулық қатысты

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда Жайық өзенінің жағалауын санитарлық тазарту бойынша кезекті акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметініңхабарлауынша, 3 тамызда Атырауда #birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясыныңкезекті сенбілігі өтті. Сенбілікке121 ұйымнан 2500-ге жуық қала тұрғыны қатысты.
«Экологиялық акцияға қатысушылар барлығы 38 тонна қоқыс жинады.Санитарлық тазалық жұмыстарына 38 арнайы техника жұмылдырылды - 23 КамАЗ,4 автобус, 1 қайық, 2 тиегіш, 5 трактор және 1 манипулятор. Акция алдағыайларда тағы да жалғасын табады», - дейді Атырау қаласы әкімініңорынбасары Шәкір Кейкин.
Айта кетейік, #birge #TazaQazaqstan науқанының екі кезеңінде Жайық өзенініңжағасынан 60 тоннаға жуық қоқыс жиналды.