#Birge #TazaQazaqstan: Елордада экологиялық акцияға қатысқандар 16 тоннадан астам қалдық жинады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экологиялық акция барысында Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас қаладағытазалық акциясына 5 мыңнан астам елордалық қатысып, 16 тоннадан астам қоқысжиналды. Оның ішінде мемлекет қайраткерлері, қоғам белсенділері, жастар менеріктілер тобы бар. Сенбілік қатысушылары қала іргесіндегі Есіл, Қарасуөзендері мен Майбалық көлі және Вячеслав су қоймасының маңайын тазартты.

«Демалыс күнінеқарамастан, көптеген қала тұрғындары белсенділік танытып қатысты. Бүгінгітазалық шарасына қатысқан әрбір азаматқа алғыс білдереміз. Біз табиғаттадемалуды ұнатамыз, демек табиғатты таза ұстап, экологияға жауапты болуымызкерек. Тазалық әр адамның өзінен басталады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, қалабасшысы аталған экологиялық акцияның тұрақты түрде жалғасын табатынын айтыпөтті.

Сондай-ақ, аталған тазалық шарасына Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған, Үкімет мүшелері мен қатарбірқатар министрлер қатысты.

Бұған дейінхабарлағанымыздай, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қала маңындағыадамдар демалатын өзен-көлдер жағалауына қоқыс контейнерлері қойылатынын айтқанболатын.


Соңғы жаңалықтар