#Birge #TazaQazaqstan: Қарағанды облысында Нұра, Есіл, Жаман Сарысу өзендері тазаланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Бірге-Таза Қазақстан!» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Екінші аптақатарынан Қарағанды облысының тұрғындары «Бірге-Таза Қазақстан!»акциясына қатысуда. 3 тамызда ауқымды экологиялық сенбілікке аймақтың барлыққалалары мен аудандарында 33 мыңға жуық адам шықты.

Қатысушылар арасында кәсіпкерлер, еріктілер, экологиялықбелсенділер және қала тұрғындары болды.

Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды. Соныменқатар, сенбілік Балқаш, Нұра, Есіл, Жаман Сарысу өзендері мен су қоймаларында өтті. Акцияға қатысушылар Саран суқоймасында және Балқаш қаласындағы Шығыс өнеркәсіп аймағында, Қылыш суқоймасында, Сәтбаев қаласындағы ҚТҚ полигонында қоқыстар жинады. Сондай-ақсаябақтарда, гүлзарларда және қалалар мен ауылдардың бас көшелерінде тазалықшарасы жүргізілді.

Облыс орталығында осы сенбіде «Бірге - таза Қазақстан!»атты акциясын 3000-нан астам тұрғын қолдады. ДСК маңындағы 15-магистраль менСаран тас жолының бойында акцияға қатысушылар тұрмыстық қоқыстарды алыптастады. Тазарту жұмыстары Орталық саябақтың аумағында да жүргізілді. Соныменқатар Гапеев көшесінде гараж алаңы мен Нестеров көшесінде заңсыз қоқыстастайтын жерлер жойылды. Кіші және үлкен Бұқпа өзендерінің арнасы және қалашегіндегі орман отырғызу аумағы тазартылды.

Полигонға 3 000 тонна қоқыс шығарылды.