НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - РМК «Қазгидромет» қызметкерлері #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында 17 тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» қызметкерлері Ақмола облысындағыЧаглинка су қоймасының жағалауында, Алматы қаласы және Алматы облысындаКөкжайлау үстірті мен Қаратал өзенін, Атырауда - Жайық өзенін, Қызылордаоблысында - Сырдария жағалауларын, Ақтөбеде - Ілек өзенін, БҚО-да - Жайық өзенімаңайларында сенбіліктер ұйымдастырды.
Акцияға 300-ден астам адам қатысып,еліміздің 14 облысында 17 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Қазгидрометтің облыстық филиалдары#Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.