#Birge #TazaQazaqstan: Шығысқазақстандықтар 800 тоннадан астам қоқыс жинады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы 19 қала мен ауданда бір мезетте өткен #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акциясы кезінде 800 тоннадан астам қоқысты тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған өңірлдің 33мыңнан астам тұрғыны жиналып, демалыс орындарының аумағын қоқыстан тазартуғақатысты. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде 800 тоннадан немесе 3 206 текшеметрден астам қоқыс жиналып, аралдар мен саябақтар, өзен жағалаулары,қазаншұңқырлар (котлован), сондай-ақ Полковничий мен Комсомол аралдары, Үлбіжағалауы қалпына келтірілді.

- Біз бұл акцияғақатысқанымызға қуаныштымыз. Шығыс Қазақстан әрдайым әсем табиғатымен көзтартады. Сол себептен біз өңіріміздің одан сайын құлпырып, гүлденуіне үлесқосуымыз керек. Біз маңайды жинап жүрген кезде экологиямызға зиян келтіретінпластик ыдыстарды көптеп жинадық. Сондықтан бәріміз табиғатты аялап, әркім өзсоңынан қоқысты жинап жүрсе екен деген тілегіміз бар, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Мәлика Елубаева.

Акцияғақатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары ЕрланАймұқашев алғысын білдірді.

- Қоршаған ортанықорғауды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Бұл біздің келер ұрпақалдындағы парызымыз. Аталмыш акцияны дәстүрге айналдыру үшін біз жастарға үлгікөрсетуіміз керек, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар