#Birge #TazaQazaqstan: Таразда 61,8 шақырым жағажайдан 258 тонна қоқыс шығарылды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдықтар жалпы республикалық сипат алған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясынан шет қалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біржұма бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі МағзұмМырзағалиевтің бастамасынан қолға алынған акцияның негізгі мақсаты — суайдындарын күл қоқыстан тазарту.

Сенбілікоблыс орталығы Тараз қаласының аумағындағы «Қарасу – 1», «Қарасу - 2», «Түйте»,«Төрегелді», «Базарбай», «Үшбұлақ», «Сеңкібай», «Оңтүстік құрғату дренажды», «Тайвань»,дренажды каналардың бойы, «Талас» өзені және «Ақбұлақ», «Қаратау» мөлтекаудандарындағы каналдардың жағажайларында ұйымдастырылды. Барлығы 21 нысан тазартылды.

Шараға облыс әкімініңміндетін атқарушы Нұржан Календеров бастаған облыс әкімі аппаратының жәнебарлық мемлекеттік мекемелердің, өнеркәсіп орындарының қызметкерлері мен түрлісала мамандары бір кісідей аталған шараға қатысты.

«Бүгінде баршамыз бір кісідейосы каналдар мен өзендердің маңайын тазартуға жұмылып отырмыз. Бұған қалатұрғындары да өз белсенділіктерін танытуда. Бұл бастама тек қала аумағында жәнеоблыстың барлық 10 ауданында жүзеге асып жатыр. Ауылдық елді-мекендердегіөзендер мен каналдардың, тіпті қамыс басқан арық-атыздардың да аумақтарытазалануда. Бұл шара атауына сәйкес елді бірігіп еңбек етуге, айналаны тазаұстауға үндейді», – деген Нұржан Календеров экологиялық акцияның маңыздылығынатап өтіп, облыс тұрғындарын жағажайлар мен су айдындарының аумағын тазаұстауға шақырды.

Айта кету керек, Тараз қаласы бойынша жүргізілген сенбілікке4535 адам қатысып, 47 техника жұмылдырылды. Жалпы қала аумағында 61,8 шақырымканалдардың бойы тазартылып, 258 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Соңғы жаңалықтар