#Birge #TazaQazaqstan: Үкімет басшысы бастаған елорда жұрты Есіл мен Қарасу өзендерін тазалауда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Акция барысында елордалықтар Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметбастаған барша қазақстандық тазалық акциясына қош келдіңіздер! Бұл шара қазірреспубликалық дәрежеде өтіп жатыр. Сол сияқты бұл акцияны президентҚасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қолдап, бәрімізді Қазақстанды таза әрі жасыл елетуге шақырды. Өткен апта Үкімет бастаған акцияны біз де қолдап, осы апта оданәрі жалғастырудамыз. Бүгінгі шараға белсенді қатысып жатырған баршаастаналықтарға алғыс білдіреміз» - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айтулы тазалықшарасына бас қаладағы министрлік, қалалық әкімдік және басқармалардың 1 500-денастам өкілі атсалысуда. Одан бөлек, еріктілер де қатысуда. Сондай-ақ,экологиялық акцияны қолдап Үкімет басшысы Асқар Мамин, Премьер-Министрдіңорынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріБердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім жәнеғылым министрі Асхат Айтмағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министріДәурен Абаев қатысуда.

Еске салакетсек, Мемлекет басшысы Экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялықмәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілердітарту жөнінде тапсырма берген еді.

Артынша министрліктің бастамасымен #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы жарияланып, аталмыш акция аясындағышараларға Үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысқан болатын.




Соңғы жаңалықтар