Бірге жазалайық – Әлімханұлы өзін «Боратқа» теңеген канадалықтың сазайын бермек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0) өз жанкүйерлерін алдағы жексенбі ертерек тұрып, айқасты тамашалауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қадірліжанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты біргежазалайық», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, бұғандейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібектіжанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюардөз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпіндекөрсеткен.

ЖәнібекӘлімханұлының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындаөтеді. Уақыт айырмасына байланысты Қазақстанда бұл 18 тамыз таңертеңге сәйкескеледі. Жекпе-жекті QazSport тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетсек,13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдықайқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте олКристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандықбоксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.